контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Алкоголизымды алдына алу

Дата: 2015-10-20 09:41:30
Алкоголизымды алдына алу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі - ДДҰ) мәліметтері бойынша алкоголь әлемде темекіні артқа тастап ауру мен мезгілсіз өлім-жітімнің үшінші жетекші себебі болып табылады. Әлемде алкогольді шамадан тыс тұтынудың нәтижесінде жыл сайын 3,3 миллион өлім-жітім оқиғасы болады, ол барлық өлім-жітім оқиғасының 5,9%-ын құрайды. Алкогольді тұтыну ерте өлім-жітімге және мүгедектікке алып келеді. 20-39 жас аралығындағы адамдар арасында шамамен 25%өлім-жітім оқиғасы алкогольмен байланысты.

Алкогольді тұтыну ауру және жарақатпен байланысты денсаулықтың бұзылуының 200-ден астам түрінің себепті факторы болып табылады. Алкогольді тұтыну психологиялық және мінез-құлықтық, соның ішінде алкогольге тәуелділік, бауыр циррозы, обырдың кейбір түрлері мен жүрек-қантамыр аурулары секілді ауыр инфекциялық емес аурулар, басқа ағзалардың зақымдалуы секілді  денсаулыққа қатысты қиындықтардың даму қауіптерімен байланысты.Алкогольдің зиянды әсерінен болатын аурулар індетінің айтарлықтай үлесі байқаусыз және әдейі, соның ішінде жол-көлік апатының, зорлық және өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің нәтижесінде жарақат алуға байланысты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2014 жылы алкогольді тұтынуға байланысты психикалық және мінез-құлықтық ауытқумен аурушаңдылық елде 100000 халыққа шаққанда 210,0-ді құрады, сонымен қатар ең көп көрсеткіш  100000 халыққа шаққанда Алматы қаласында - 921,4, Шығыс Қазақстанда - 451,9 және Атырау облысында – 240,5-ті көрсеткені байқалған.