контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Темекіні шегуді алдын алу

Дата: 2015-11-12 04:17:35
Темекіні шегуді алдын алу

Темекіні тұтыну бір кездері әлемде пайда болған денсаулыққа қауіп төндіретін қатерлердің бірі болып табылады. Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 6 миллионға жуық адамдықазаға душар етеді, соның ішінде 5 миллионы темекі тұтынатындар және бұрын тұтынғандар арасында орын алады, ол адамдардың ішінде 600 000-нан аса адам шылымқор емес, бірақ олар темекі түтінімен дем алғанның нәтижесінде қаза тапқандар. Әр 6 секунд сайын бір шылымқор өледі, яғниәр өлім-жітім оқиғасы ересек адамдарға тиесілі. Қазіргі темекіні тұтынушылардың жартысына жуығы темекімен байланысты қандай да бір аурудың себебінен қаза табады.

2014 жылы Қазақстан Республикасында Global adult Tobacco Survey (GATS) – халықаралық стандартына сәйкес ҚР темекіні тұтыну туралы ересек халыққа ғаламдық сұрақ-жауап жүргізу өткізілді, оның нәтижесі бойынша ҚР 2014 жылы шылымқорлықтың таралуы 22,4%-ды (42,4% ер және 4,5% әйел адамдар) құрады, халық санына шаққанда 2, 8 миллион адам (соның ішінде 5 миллион ер және 300,8 мың әйел адам).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері (бұдан әрі - ДДҰ) бойынша әрі қарай темекі мен ішімдікті шамадан тыс тұтынудың таралуымен күресу үшін аса тиімді тәсіл, өз кезегінде темекі мен алкогольді тұтынуға байланысты денсаулық сақтау саласының шығынын жабатын мемлекеттік шығынды төмендетуге ықпал ететін аталған өнімге сұранымды төмендетуге, темекіні тұтыну мен таралуды шектеуге тікелей бағытталған салық және баға саясатын жүргізу болып табылады.

ДДҰ-ның Темекiмен күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясының«Темекiге сұранымды қысқарту жөнiндегi баға және салық шаралары»6-бабында осы саясатты іске асыру маңызды екендігін мойындайды және денсаулық сақтау саласындағы ұлттық мақсаттарға жету мақсатында жәрдемдесу үшiн оны іске асыруға үкіметті тарту туралы жазылған.

Денсаулыққа қатысты темекі мен алкогольді тұтыну деңгейін төмендету бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін аса маңызды экономикалық шаралар соңғы тұтынушылар үшін бағаға акциздік салық үлесінің кемінде 70%-ы бойынша қамтамасыз ететін темекі өнімдеріне акциздік салық салу болып табылады.

«Басты элементтің бірі темекі бұйымдарына салық болып табылатын, темекі бұйымдарын сәйкес қаржыландырғанда ғана темекіге қарсы күресте жеңіске жетуге болады», – деп, ТҚКНК Секретариатының жетекшісі, д-р Вера Луиза да Коста э Сильва айтқан. – Оған мүше мемлекеттер темекімен байланысты аурулар және 2015 жылдан кейін күн тәртібінде қаржыландыру мәселелерін шешу үшін үлкен қадам жасайды».

Темекі бұйымдарына салық салу Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер ұсынған ұсыныстарға сәйкес жаңа тұрақту даму мақсаттарын (ТДМ) қаржыландыру үшін ғаламдық күштің басты элементтерінің бірі болуы қажет.

Темекі өніміне төленетін салықтың маңызы кеңінен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін көрсетеді. Мәліметтер бойынша табыс деңгейі төмен және орта елдердің көбінде темекіге акциздік салықты 3 есеге арттыру темекінің бағасының екі есеге артуына және темекіні тұтынуды шамамен40%-ға дейін төмендетеді. Темекіні тұтынудың төмендеуі жастар мен көбінесе бағаның өзгеруіне байланысты табыс деңгейі төмен халық арасында байқалады.

Темекі өнімдеріне бағаның және салықтан кірістің өсуінің нәтижесінде халықтың денсаулығын жақсарту шаралары бойынша экономикаға темекіні тұтынудың әсері төмендейді. Темекіні тұтынумен байланысты ауру індеті төмендегендіктен денсаулық сақтау қызметтеріне оң әсер етеді, ал экономикалық өндіріс көлемі халық өмірі сапасының жақсаруының арқасында өседі.

Мұндай нәтижені «кеселге» салықты 2013 жылы арттырған Филиппиннен көруге болады. Бұл темекі өніміне акциздік салықты 340 пайызға дейін арттыруға алып келді, ол бір жылда 1,6 млрд. АҚШ долларына тең кіріс кіргізуге мүмкіндік берді. Ол қаржының жартысы14,7 миллионхалықтың кедей топтарына медициналық сақтандыруды қаржыландыруға жұмсалды, ол алдыңғы жылға қарағанда үш есе көп.