контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Иммунизация тұралы

Дата: 2016-06-01 10:12:48
Иммунизация тұралы 1459744822_ab721a8799a5849775b8148818e5c326 Ағымдағы жылы Қазақстанда Дүниежүзілік иммундау апталығы «Иммундауда кемшілікті жою» ұранымен өтеді. Дүниежүзілік иммундау апталығының Қазақстан аумағында 2016 жылға арналған басты бағыттары: халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру, халықты, медицина қызметкерлерін иммунопрофилактиканың қауіпсіздігі, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі және қоғамды иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдары туралы ақпараттандыру; вакцинацияның жоқтығына немесе бас тартуға ата-аналардың, медицина қызметкерлерінің бейжай қарауына назар аударту арқылы вакцинациядан бас тартуға байланысты қауіп-қатер мен себеп-салдарға назар аудару, вакцина арқылы басқаруға болатын аурулардан зардап шеккен тұлғаларға уақытында иммундау жүргізуде олардың тәжірибесі мен кеңесі туралы айтуға мүмкіндік беру, иммунопрофилактика мәселелеріне атқарушы органдардың басшыларының назарын аудару. Әлемде вакцинация жұқпалы аурулармен күресуде аса тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде танылған. ҚР Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес және 21 жұқпалы ауруға қарсы профилактиканы қарастырады. Халықты иммундау тегін жүргізіледі және вакцинациялау үшін ДДҰ сертификаттаған, яғни сапасына кепілдік берілген вакциналар қолданылады. 2015 жылы жыл сайын вакцина жасалған адамдардың саны 8 100 709-ді; вакцина сатып алуға жұмсалған қаржының жалпы көлемі 15,8 млрд.теңгені; дәрігерлер мен вакцинатордың саны 6 745 адамды; елдегі екпе кабинеттерінің саны 6 354 бірлікті құрады. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқандардың саны артқанын атап өту қажет, ол елдегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ҚР ДСӘДМ Ұлттық иммунопрофилактика тіркелімін әзірлеу мен енгізуді қарастыратын Ұлттық екпе күнтізбесін тиімді іске асыруды арттыру, инфекциялық аурулардың алдын алу, ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау мен алдын алу жүйесін жетілдіру жөнінде жоспарды іске асыру бойынша Жол картасын әзірледі.