Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ОБА-дағы "Күлгін түсті Күн" (Талма ауруымен ауыратын науқастар күні)

Дата: 2015-03-27 09:22:35
ОБА-дағы

Бір күні талма ауруымен ауыратын тоғыз жасар қыз Кессиди Меган басқа адамдарға оның олардан еш айырмашылығы жоқ екенін көрсеткісі келді. Өзінің тоғыз жасында бала оның сырқатын дұрыс қабылдамайтын, ауруды ессіздіктің жеңіл түрі ретінде санайтын ересектер мен құрдастары тарапынан бір түрлі жақтырмағандықты сезінді. Сырқат туралы дақпырттарды сейілту үшін Кессиди 2008 жылы «Күлгін түсті күнді» ойлап шығарды. Осы күні 26 наурызда барлық тілек білдірген жандар «талма ауруы» диагнозымен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсете алады. Қыз баланың бастамасын алдымен Жаңа Шотландияның Талма ауруы қауымдастығы, кейін әлемнің басқа да ұйымдары қолдады. 2009 жылы Күлгін түсті күнге 100 мың студент, шамамен 100 қоғамдық бірлестік пен 100-ден аса белгілі саясаткерлер қосылды, ал Торонтодағы телевизиялық мұнара бір кешке күлгін түске боялды. Сол кезден бастап әлемнің түрлі елдерінде 26 наурызда сырқат туралы және онымен ауыратын адамдарға алғашқы көмек көрсету жөніндегі ақпарат таратылады. 2015 жылғы 26 наурызда Павлодар облыстық балалар ауруханасының конференц-залында "Күлгін түсті күнге" арналған іс-шара өткізілді. Осы тақырып бойынша невропатолог-дәрігері А.Қ. Иманов баяндама оқып, диагностикалаудың және емдеудің, әлеуметтік бейімделудің заманауи әдістері жөніндегі мәселелер талқыланды. Қалалық емханалардың 8 невропатолог-дәрігері, 32 ата-ана қатысты. Талма ауруымен күресуге арналған іс-шаралардың жыл сайынғы өткізілуі ұсынылды.