контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15
Жылжымалы медициналық кешен
26-07-2023 11:33
Жылжымалы медициналық кешен

Ертіс ауданында 2023 жылдың шілдесінен бастап жылжымалы медициналық кешеннің (ЖМК) шығуы жүзеге асырылуда. "Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-241/2020 бұйрығына сәйкес ЖМК-да медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін көрсетіледі.

Жылжымалы кешен көрсететін медициналық қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:

 

-динамикалық бақылауға жататын аурулар тізбесі бойынша пациенттерді, оның ішінде созылмалы аурулары бар науқастарды және әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттерді консультациялық қабылдау;

- функционалдық және зертханалық зерттеулер;

- ЖМК және ауылдардың медициналық пункттері мамандарының скринингтік зерттеулер жүргізуі және халықтың нысаналы тобын сауықтыруы, кейіннен анықталған ауру жағдайларын МСАК-қа одан әрі динамикалық бақылауға беру;

- салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

 

Қажет болған жағдайда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж пациентке емдеуді одан әрі толық тексеру және түзету үшін аурудың бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымына жолдама беріледі.

2022 жылы ЖМК қызметтерімен 1902 адам қамтылды, оның ішінде 884 бала. Шығу сәуірден қазанды қоса алғанда 23 ауылға қайта шығу арқылы жүзеге асырылды. 812 диагностикалық зерттеулер, 772 зертханалық зерттеулер, 1733 бейінді мамандардың консультациялары (стоматолог, дерматолог, ЛОР, акушер-гинеколог, кардиолог) жүргізілді.

88 патология анықталды, оның ішінде балалар арасында 30, 3 пациент диспансерлік есепке алынды.

2023 жылы Ертіс ауданы бойынша жоспарға сәйкес ЖМК-да 1372 адам тексеруге жатады. Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы медициналық кешенге Ақсу қаласы емханасының дәрігерлік бригадасы барады. Сапарлар кестеге сәйкес 24 шілдеден басталды, бүгінгі күні Ленино және Амангелді ауылдарының халқы 111 адам, оның ішінде 37 бала қамтылды. Диагностикалық зерттеулер 47 (флюорография және УДЗ), зертханалық зерттеулер – 40 жүргізілді. Терапевт – 111, стоматолог – 36, хирург-74 кеңес берді. Денсаулық нормаларынан 4 ауытқу анықталды, пациенттер қосымша тексеруге жіберілді.