контакт: 8(71839)21643 akkysrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 84-үй
Аурухананың құрылу тарихы

1939-1980 жылдар аралығындағы Лебяжі орталық аудандық ауруханасы туралы мәлімет

Лебяжі аудандық ауруханасының құрылу уақыты шамамен 1939 жыл. 1957 жылға дейін Лебяжі аудандық ауруханасы емдеу-алдын алу жұмыстарымен шұғылданды және Лебяжі еңбекшілер депутаттарының аудандық Кеңесі атқару Комитетінің денсаулық сақтау бөліміне бағынды.

Аудан медицина мекемелерін Лебяжі еңбекшілер депутаттарының аудандық Кеңесінің атқару комитеті басқарды. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 6 тамыздағы №539 қаулысы және Павлодар облыстық атқару комитетінң 1957 жылғы 28 тамыздағы № 487/17 шешімі негізінде емдеу жұмыстарын, денсаулық сақтау саласын ауылдық жерлерде мамандандырылған және жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін аудандық денсаулық сақтау бөлімдері 1957 жылы таратылды.

Лебяжі аудандық денсаулық сақтау бөлімі тараған соң, аудандық медицина мекемелерін басқару Лебяжі аудандық ауруханасына жүктелді, содан бері ол орталық аудандық аурухана деп аталды.

Лебяжі орталық аудандық ауруханасы аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін емдеу-алдын алу мекемесі, сонымен қатар аудандағы барлық денсаулық сақтау мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік және шұғыл басқаруды қамтамасыз ететін орталық және сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыратын мекеме болып саналады.

Орталық аудандық аурухананың негізгі міндеттері:

—         Аудан халқына мамандандырылған стационарлық және емханалық медициналық көмекті тиісті көлемде қамтамасыз ету;

—         Жедел және ұйымдастыру-әдістемелік басқару, аудан денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін бақылау;

—         Медицина мекемелерінің желісін жетілдіру және осы бағыттағы іс-шараларды жоспарлы түрде дамыту;

—         Аудан денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын жоспарлау, қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;

—         Аудан халқына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға, аурушаңдықты, мүгедектікті, ауруханадағы өлім-жітімді, балалар арасындағы және жалпы өлім-жітімді азайтуға, жасөспірімдер денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

—         Аудандағы емдеу-алдын алу мекемелерінің өз міндеттерін атқаруда кең көлемде және мерзімінде науқастарды анықтаудың және алдын алудың заманауи әдістері мен тәсілдерін енгізу.

Лебяжі орталық аудандық ауруханасына 1965 жылы 5 мамырда хирург Карибаев Ч.К. және терапевт Карибаева З.А. жанұясы жұмыс істеуге келді. Ол уақытта бас дәрігер болып Жумажанов С.Р. істейтін, ал оның жұбайы Кульшан Мукановна акушер-гинеколог болып еңбек етті.

Аудандағы төсек желісі 222 төсектен 360-қа дейін өсті. «Казинский» совхозында және Бесқарағай механикаландырылған орман шаруашылығында (Чека ауылында) әрқайсысы 35 төсектік учаскелік ауруханалар ашылды (аудандық атқару комитетінің 29.04.1969 жылы №108/8 шешімі), аудандық ауруханадағы төсек саны 45-тен 100-ге дейін, Қызыләскер учаскелік ауруханасында 10-нан 35-ке дейін, Майқарағай учаскелік ауруханасында 10-нан 25 төсекке дейін өсті. Фельдшерлік-акушерлік пункттер саны 15-тен 22-ге дейін өсті. Жаңадан Тілектес ауылында (Қызылқоғам совхозының бөлімшесі), Тереңкөл ауылында (Восточный совхозының бөлімшесі), Қызылтұз ауылында (Казинский совхозының бөлімшесі), Сарыөзек ауылында (Майқарағай совхозының бөлімшесі), Керей ауылында (Лебяжі совхозының бөлімшесі) және СОКП 23 съезі атындағы совхозының №2 және №4 бөлімдерінде ФАП-тар ашылды.

1966-1970 жылдары аудандық туберкулез диспансерінде, Майқарағай, Восточный, Қызыләскер учаскелік ауруханаларында рентген кабинеттер, ал  Восточный, Қызыләскер, Қызылқоғам, Шарбақты учаскелік ауруханаларында клиникалық зертханалар, аудандық ауруханада химиялық және, серологиялық зертханалар мен қан құю пункті ашылды.

1970 жылы аурухананың бас корпусы мен барлық бөлімшелері бұрынғы орта мектептің ағаш ғимаратында орналасқан.

Фотосуретте (солдан оңға қарай) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шарапиденов Т.Ш. Карибаев Ч.К.-ға партия билетін тапсырып тұр.

Аға медбике болып Сухоносова Елена Ивановна (ҰОС ардагері) еңбек етті. Оның фотосуреті сақталмаған.

1971 жылы аудан халқына медициналық қызмет көрсетуде орталық аудандық аурухана (100 төсек), туберкулез диспансері (55 төсек), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция және 7 учаскелік аурухана:

—         Қызыләскерде (35 төсек), бас дәрігер Нурсеитов Р.К.

—         Қызылқоғамда (Ямышев) (25 төсек), бас дәрігер Лосев В.М.

—         Восточныйда (25 төсек), бас дәрігер Эйфер Л.Б.

—         Майқарағайда (25 төсек), бас дәрігер міндетін атқарушы Мелехина В.Д.

—         Чекада (25 төсек), бас дәрігер Каусов Е.З.

—         Казинскийде (25 төсек).

—         Шарбактыда (25 төсек), бас дәрігер Қадырханов Б.К.

22 ФАП: Бесқарағайда, Первомайда, Жамбылда, Малыбайда, Ленинде, Жаңатаңда, Дамеліде, СОКП 23 съезі атындағы №2 совхозында, Қызылқоғамда, Тілектесте, Тақырда, Тереңкөлде, Жабағылыда, Қазантайда, Жаңаауылда, Шұрпалыда, Шоқталда, Сарыөзекте, Қызылтұзда, Бәйімбетте, Зорь-Октябрьде, Керейде қызмет атқарды.

Одан кейінгі жылдары аудандық медициналық мекемелерінің желісінде біршама өзгерістер болды.

1973 жылы аудандағы ауруханадағы төсектердің тиімділігін арттыру үшін орталық аудандық аурухана бас дәрігері С.Р.-Жумажановтың (1963-1973 жж) 1973 жылы 1 қаңтардағы №2 бұйрығына сәйкес Қазы учаскелік ауруханада төсек саны 10-ға кемітілсе, Майқарағай учаскелік ауруханада төсек саны 10-ға артты.

1973 жылы 19 қыркүйектегі аудандық атқару комитетінің №250/16 шешімімен Казинский учаскелік ауруханасы дәрігерлік амбулатория болып қайта құрылды.

Фотосуретте Лебяжі орталық аудандық ауруханасының медициналық мамандары азаматтық қорғаныс сабақтарында бейнеленген.

1973 жылғы 20 қырқүйектегі облыстық денсаулық сақтау бөлімінің «Маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күресті күшейтуге бағытталған іс-шаралар туралы» №164-1к бұйрығы шеңберінде орталық аудандық аурухана бас дәрігері Ч.К.Карибаевтың (1973 жылғы мамыр-1984жыл) 1974 жылы 20 наурыздағы № 44 бұйрығымен Лебяжі аудандық амбулаториясында балалар сүт асүйі ашылды.

Дене шынықтыру және спортпен айналасатындарды дәрігерлік бақылауды жақсарту және науқастарды емдеуде емдік дене шынықтыруды пайдалану мақсатында 1977 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімінің медициналық кеңесінің 1976 жылы 28 қыркүйектегі №12/2 шешімімен аудандық ауруханада емдік дене шынықтыру кабинеті ашылды.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және Щербакты ауданындағы Чалдай орман шаруашылығына қарасты Первомай орман шаруашлығының халқына қызмет көрсететін Шұрпалы ФАП-ның жұмысын басқару мен бақылауды күшейту мақсатында аталған ФАП 1978 жылы аудандық атқару комитетінің 1978 жылғы 16 ақпандағы №74/5 шешіміне сәйкес Щербакты аудандық ауруханасының құрамына берілді.

1978 жылы Лебяжі орталық аудандық ауруханасына хирург Какимов М.Д., ал 1979 жылы жас маман дәрігерлер Байсебенов Қ.М. және оның жұбайы терапевт Шинбиева М.А. жұмысқа келді.

Жоғары мамандандырылған және арнайы медициналық көмектің ауыл халқына қол жетімділігін арттыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 1979 жылғы 1 қаңтардағы № 22 бұйрығымен 1979 жылы 30 төсектік ауданаралық тері-венерологиялық бөлімше Павлодар орталық аудандық ауруханасында құрылды. Ол бөлімше Павлодар және Лебяжі аудандарының халқына қызмет көрсетті.

1980 жылы аудан халқына келесі медициналық мекемелер қызмет көрсетті:

—         Лебяжі ауылында орналасқан аудан және аудан орталығы  халқына қызмет көрсететін 125 төсектік орталық аудандық ауруханасы;

—         Баймолдин атындағы совхоз халқына қызмет ететін 25 төсектік Восточный учаскелік ауруханасы;

—         СОКП 23 съезі атындағы совхозы халқына қызмет ететін 35 төсектік Қызыләскер учаскелік ауруханасы;

—         «Майкарагайский» совхозы халқына қызмет көрсететін 35 төсектік Майқарағай учаскелік ауруханасы;

—         «Кызылкогамский» совхозы халқына қызмет ететін 25 төсектік Қызылқоғам учаскелік ауруханасы;

—         «Бескарагайский» механикаландырылған орман шаруашылығы халқына қызмет ететін 25 төсектік Чека учаскелік аурауханасы;

—         «Казинский» совхозы халқына қызмет ететін Қазы дәрігерлік амбулаториясы;

—         55 төсектік аудандық туберкулез ауруханасы;

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы және 21 ФАП:

—         Баймолдин атындағы совхозда: Тақыр, Тереңкөл;

—         Жамбыл атындағы совхозда: Жамбыл, Жаңатаң, Ленин;

—         «Казинский» совхозында: Қызылтұз;

—         Бесқарағай мемлекеттік асыл тұқым зауытытында: Бесқарағай, Подпуск;

—         СОКП 23 съезі атындағы  совхозда: Дәмелі, Шәмші;

—         «Малыбайский» совхозында: Малыбай, Қазантай, Сарыөзек;

—         «Бескарагайский» механикаландырылған орман шаруашылығында: Бәйімбет;

—         «Лебяжинский» совхозында: Төсағаш, Керей;

—         «Кызылкогамский» совхозында: Қызылқоғам, Тілектес;

—         «Майкарагайский» совхозында: Жабағылы, Шоқтал, Корт ФАП жұмыс атқарады.

Орталық аудандық ауруханада қосалқы қызмет көрсететін клиникалық және серологиялық зертханалар, рентген және физиотерапия кабинеті, емдік дене шынықтыру кабинеті, электрокоагуляция кабинеті, тіс емдеу мен салу кабинеттері, қан құю мен жедел жәрдем пункттері бар. Бактериологиялық лаборатория аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда орналасқан.

Клиникалық зертханалар Восточный, Қызыләскер және Щербакты учаскелік ауруханаларында, биохимиялық зертхана Қызыләскер учаскелік ауруханасында, физиотерапиялық кабинет Қызылқоғам және Щербакты учаскелік ауруханалар құрамында қызмет көрсетті.

Балаларға қызмет көрсету үшін орталық аудандық ауруханада 30 төсектік, ал Қызыләскер және Щербакты учаскелік ауруханасында әрқайсысы 10 төсектік балалар бөлімшелері жұмыс атқарды.

1980 жылы дәрігерлер қатарына 5 жас мамандар қосылды. Олар: Сакенов Қ.К. (санитарлық дәрігер), Сакенова Г.Г. (педиатр), Моргунов Ю.Ф. (дәрігер-рентгенолог), Бегалиев А.С. (дәрігер-хирург), Хасанова С.Х. (акушер-гинеколог).

Облыстық ХXIV партия конференциясында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Байкен Ашимович Ашимовтың қатысуын пайдаланып, аудандық аурухананың партия ұйымы хатшысы Алимкулова Риза Байгамитовна ауысымына 200 адамды қабылдауға арналаған емханасы мен типтік аудандық аурухана салу қажеттілігін жеткізді.

Жобалық-сметалық құжаттар дайындалып болған соң, арада 1-1,5 жыл өтісімен емхана және бөлек орналасқан жұқпалы ауруларға арналаған корпусы бар типтік аудандық аурухана құрылысы басталды.

Ол уақытта орталық аудандық ауруханадағы балаларға арналған төсектер саны Қазақ ССР Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен 40-қа дейін көбейтілді. Бөлімше ішінде бокс типтегі палаталар, қарқынды емдеу палатасы, солярий, ГОСТ-қа сәйкес балалар сүт асүйі болды.

Әр учаскелерде педиатриялық көмек көрсету саласында педиатр дәрігерлер Оразалина С.К., Куватова Г.Ж., Попельных Л.Ф., Сейсенова Г.С., Кабиденова С.И., Огородникова О.П., Сакенова Г.Г., Хамзина М.К., Иманкулова А.М., т.б. еңбек етті.

1980 жылы Лебяжі орталық аудандық ауруханасында басқару құрылымы төмендегідей болды: канцелярия, ұйымдастыру-әдістемелік кабинет, бухгалтерия, кадр бөлімі.

1973-2013 жылдары Лебяжі орталық аудандық аурухананың бас дәрігерлері болып еңбек еткендер:

1.     Карибаев Чингиз Карибаевич

2.     Нурсеитов Рымбек Кутыбаевич

3.     Талипов Куат Адильбекович

4.     Абильтаев Мурат Балташевич

5.     Жакупбеков Муратбек Жакупбекович

6.     Кабиденова Светлана Искаковна

7.     Садыкова Гульнар Нигматуллиновна

8.     Сыздыков Алтай Кужатович

9.     Айдарханова Зауре Байдильдаевна.