контакт: 8(71839)21643 akkysrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 84-үй
Миссия, мақсаты, тапсырмалары, стратегиясы, моральдық құндылықтар

ШЖҚ «Лебяжі орталық аудандық ауруханасы» КМК

Миссия


Науқастардың медицина қызметкерлеріне сенімін

арттыра отырып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты қамтамасыз ету үшін тұрғындар денсаулығын үнемі жақсарту мақсатында қолжетімді, сапалы медициналық көмек көрсету

Жұмыс орнында жағымды еңбек қатынастарын

қалыптастыруға, қызметкерлердің еңбек ету жағдайларын туғызуға, біліктілік деңгейлерін көтеруге қамқорлық жасау

Халық денсаулығын сақтау мен нығайту

мақсатындағы мемлекеттік тапсырмаларды орындауға үлес қосу

 

Миссияны іске асыру мақсаты, тапсырмалары, стратегиясы

Мақсаты:

    Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі аясында алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану арқылы аудан халқына қолжетімді, сапалы мамандандырылған, арнайы және бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету.
    Медициналық қызмет көрсету сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейін көтеру.

Тапсырмалар:

    Аурухананың экономикалық жағдайын қалыпты ұстау және барлық ресурс түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
    Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы белгілеген медициналық көмекті ұйымдастыру мен қаржыландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді қамтамасыз ету.
    Медицина мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.

Стратегия:

    Аурхананы басқарудың тиімділігін арттыру.
    «Науқас пен маман – табыстың кілті» қағидатын тәжірибеге енгізу.
    Ұжымдық мәдениетті қалыптастыру.
    Мамандар ресурсының жүйесін дамыту.
    Аурухананың материалдық-техникалық негізін нығайту.

Моральдық құндылықтар

    Сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес тіркелген

тұрғындардың қолжетімді мамандандырылған және арнайы медициналық көмекке сұраныстарын қанағаттандыру

    Ұйымның құрылым менеджментін үздіксіз жетілдіру

бағытындағы басқарудың жауапкершілігі мен көшбасшылығы

    Науқастардың көңіл-күйін бөлісе білетін адамгершілік

қасиеттері мол, қол үшін беруге әрдайым дайын өз ісінің шебер мамандары

    Жеке тұлғаның үнемі кәсіби өсуі мен өзін-өзі көрсете білуін

қамтамасыз ететін ұжымдық мәдениет

    Аурухана қызметтерінің тиімділігі мен жоғары

көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін инновациялық технологияларды енгізу

    Еңбек қатынастарын ынталандыру, қызметкерлерді

әлеуметтік қорғау

    Аурухананың этикалық құндылықтары (этикалық кодекс)