контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Донорлық қанның лейкофильтрациясы

Дата: 2008-10-19 18:00:00
Донорлық қанның лейкофильтрациясы

Қанның лейкофильтрациясыдонорлық қанды лейкоциттерден тазартатын әдіс, себебі лейкоциттер:

а) жасушалық- ассоциацияланған вирустың (В және С гепатиттері, АИТВ, вен. Аурулар) және

б) қажет емес иммунологиялық әсерлердің себебі болып табылады (НLA –аллоимунизация, фебрильді гемолитикалық емес реакциялар ж.т.б.).

Лейкофильтрация мынаған кепіл береді:

- қан дозасынан 99,99% лейкоциттерді кетіру

- гемокомпоненттерден кішігірім бөлінділерді және фибрин тітіктерін 100% жою

- сапалы толық қанды қан құрамбөліктерін алуды, лейкоциттерді жою арқылы вирустық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ фильтрация кезінде эритроциттер ен тромбоциттерге әсер етілмейді, сақталу кезінде лейкоциттер бұзылған жағдайда пайда болатын биологиялық белсенді заттарды жояды.

2007 жылғы 6 айдың ішінде облыстық қан орталығында донорлық қанның 1049(24,6%) дозасы фильтрден өткізіліп тазаланды. Лейкофильтрленген өнім перзентханаларға және балаларды емдеу алдын алу мекемелеріне жіберіледі.

2007 жылғы 10 айдың ішінде ОҚО құрамдастырылған қанның 4109,3 литрі дайындалды:

- 3758,8 литр қайта өндірілді;

- 884,8 литр (4308 доз) эритроциттер өндірілді;

- осының ішінде лейкофильтрленген 2418 доза;

- плазма 2112,3 литр (5839 доза);

- осының ішінде лейкофильтрленген 2420 доза;

- тромбоциттер концентраты 185 доза;

- осының ішінде лейкофильтрленген 172 доза;