контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Балалар жарақаты

Дата: 2016-08-15 11:29:52
Балалар жарақаты -өте маңызды және күрделі мәселе, әсіресе бос уақыттары көп, көшеде жиі жүретін және ата-аналарының бақылауысыз жүретін мектеп демалысы кезінде. Балалар жарақатының түрлері алуан болғандығымен олардың себептері біртүрлі. Зақымданулардың пайда болуына балалардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, олардың табиғи және ақыл-ой қабылеттерінің дамулары, тұрмыстық машықтардың жеткіліксіздігі, жоғары әуесқойлығы, шапшаңдығы және т.с.с. әлеулі жағдайлар мән береді. Ересектер тәуекел мүмкіндіктерін алдын алуға және олардан балаларды қорғауға міндетті. Жарақаттарды алдын алу үшін ата-аналардың жұмыстары 2 бағытта жүру қажет.
  1. Жарақат туғызатын жағдайларды жою;
  2. Балаларды жарақатты алдын алу негіздеріне үйрету. Бірақ та балада қорғыныш сезімін дамытпай, қауіпсіздікті қалай алдын алу, өзін қалай дұрыс ұстау керектігін үйрету қажет.
Балалар жарақатының құрылымында тұрмыстық жарақаттар басым бөлігін (60-68 %) құрайды. 7 жасқа дейінгі балалар барлық жарақаттардың 80 пайызын құрайды. Жарақаттардың 78 пайызын балалар далада, көшеде алады, ал тек 22 пайызын жайларда алады. Балалар жарақатының себептері:
  1. Өздерінің жиілігі бойынша бірінші орында келесі жарақаттар түрі: мұзбен немесе шынымен, құрғақ бұтақтармен, бұталармен шанышылған, кескен жаралар, ағаш заттардан шөгірлер, велосипед, әткеншек, шаңғы, шана тепкен, аяғымен тұрып сырғанаған жағдайда соғылу, тайғақ жолда жүргенде.
2.Жиілілігі бойынша екінші орындағы жарақаттар: қар мен мұздан тазаланбаған алаңшаларойнаған кезде, жерден шығып тұрған ағаш немесе темір заттардан, ойын алаңшаларындағы сынған ағаштардан және дөңбектерден, сонымен бірге шұңқырлар мен ойыстардан.
  1. Үшінші орында- аязды күнде металдарға бетімен, қолымен, тілімен жабысқанда, сырғанақтан, тәрбиешімен сақтандырудың жоқтығынан «швед қабырғасынан» құлағанда, күн жылынған кезде төбеден құлаған мұздардан және қарлардан;
  2. Төртінші орында- бекітілмеген жиһаздан, ЖКА кезінде жарақаттану.
  Балалардың үйде жарақаттанатын жарақатттардың негізгі түрлері, олардың себептері: Құлау Құлау – жарақат алудың, сүйектердің сынуларының және бастың ауыр жарақат алудың көбінен таралған түрі. Оларды болдырмаудың жағдайлары- балаларға қауіпті жерлерде жүрулеріне тыйым салу- баспалдақтарда, әйнектерде, балкондарда қоршаулар жасау. Жазғы уақытта балалар алаңшалары, әсіресе әткеншектер аса қауіпті жерге айналады. Егер бала әткеншектен құласа, қосымша соққы алмау үшін ол жерге жабысып, әрі қарай еңбектеп кету керек.Әйткеншектен өз еркімен секіру үнемі кауіпсіз аяққа тұруға мүмкіндік бермейді. Табанымен жерге кенеттен түсу- табан сүйектерінің, балтыр табан буындарының шығып кетуіне әкеледі. Кескен жаралар Сынған шыны кескен жаралардың, қанның ағуына және қанға бөгде заттардың түсуіне мүмкіндік туғызады. Кішкентай балаларды сынған шыныны ұстамауға үйрету қажет. Пышақтарды, қайшыларды және лезвияларды балалардың қолы жетпейтін жерде ұстау қажет. Ересек балаларды осы заттарды байқап ұстауға үйрету керек. Балаларға бір біріне тас лақтыруға, өткір заттармен ойнауға қауіпті екендігін түсіндіру қажет. Өткір заттар, тот басқан шынылар жаралардың зақымдану көзі болады. Аталмыш заттар балалардың ойын алаңшаларында болмау керек. Жол жарақаты Барлық жарақаттардың түрлері көше-көлік жарақатына кез келген екі жүзінші оқиғасы келеді. Бірақ олардың салдары елеулі. Ең қауіпті-тұрған көлік: бала қауіп жоқ деп ойлайды. Бірақ та тұрған көліктен жүретін жерге шыққан балалар жол апатына түскен 100 баладан 63 бала басқа көліктің астына түседі. Жолға шыққан балалар жолдан өткен кезде келесі ережелерді ұстану керек: жол жиегіне тоқтау; екі жақты қарау; жолдан өтер алдында жолда машинаның немесе басқа көлік құралдары жоқ екендігін тексеру; жолдан өткен кезде ересек адамның немесе жасы үлкен баланың қолынан ұстау; жүгірмей жүру керек; жолды арнайы белгіленген жерде және бағдаршамның жасыл түсіне өту; жолға салмақты және көлік жүргізуші көргендей жүру керек. Жолды жолға перпендикуляр бойынша өту қажет. Егер көлік легі жолдың ортасында қозғалып кетсе абыржымай, тоқтап тұру керек. Кішкентай баланы жолдан қолынан ұстап өткізу керек. Баланы жолдан топпен өткен кезде «үйір» жағдайына елемеуге үйрету керек. Балаларға жол маңында, әсіресе доппен ойнауға тыйым салу кеерк. Жазатайым жағдайларды болдырмау үшін балаларды адам жүретін жолмен көлік қозғалысына қарсы жүруге үйрету керек. Ересек балаларды кішкентайларды бақылап жүруге үйрету қажет. Баланы көлікпен тасымалдаған кезде арнайы отыратын креслоға және қауіпсіздік белдігін байлап артқы оң жақ орынға отырғызу қажет. Велосипедпен жүрген кезде жазатайым оқиғалар ересек жастағы балалар арасында жарақат алудың кең таралған түрі. Егер ата-аналар балаларын велосипед тепкен кезде қауіпсіз жүруге үйрететін болса бұндай жағдайларды алдын алуға болады. Балалардың бастарына арнайы бас киім-шлемдарды және қорғаудың басқа түрлерін кигізу керек. Балалардың тағы да бір әуесқойлығы, қазіргі кезде ерекше танымал болған, роллинг (ролик тебу) жарақат алушылардың санын едәуір көтерді. Ролиингте денені дұрыс ұстау тәртібі қатаң- талаптан ауытқу құлауға, ал құлаған кезде жарақат алуға әкеліп соғады, Балаға роликті коньки сатып аларда оны киіп тұруға және сырғанауға үйрету керек. Ол үшін екі тақтың ортасына тұрып, сүйеніштерге жетектеу керек. Балтыр табан буынының дұрыс қоюына назар аударыңыз. Балаларға арзан болса да қытайдан жасалған доңғалақты коньки алмаңыз. Олармен жарақаттануға болады және олар тез сынады. Балтыр жақсы тірек болу үшін қатты болу керек. Тоқтауды бір әдісіне үйрете алмасағыз машықты роллерді шақыртыңыз. Міндетті түрде тізені, шынтақты қорғайтын құралдарды, дулығаны және пульсты бақылайтын құралды сатып алыңыз. Бұл негізгі жарақаттарды болдырмауға көмектеседі. Дұрыс құлауды- әуелі тізеге, содан соң қолға құлауды үйретіңіз, Көлік жолдарынан алыс жерде тебу керек. Балаларыңызды жылдам жүруден бас тартуға, жолдың жер бедерін бақылауға, сақ болуға үйретіңіз. Су жарақаты Ересектер балаларды суда жүру ережесіне үйрету және оларды жағажайда, су қоймаларында қараусыз бір минутқа да қалдырмау керек. Балалар аз көлемді суда да екі минуттан кем уақытта батып кетуі мүмкін, сондықтан оларды судың маңатында, ваннаның қасында қараусыз қалдыруға болмайды. Құдықтардың, ванналардың, суы бар шелектердің беттерін жабу керек.Балаларды ерте жасынан бастап малтауға үйрету керек. Балалар үлкендердің қарауысыз шомылуға болмайтынын білу қажет. Күйік Күйікті алдын алуға болады егер: Балаларды ыстық плиталардан, тамақтан және үтіктен алшақ ұстау, плиталарды жоғары орнату немесе камфоркаларын балалардың қолдары жетпейтін жерге алып тастау керек. Балалардың оттан, алаулардан, петардалардың жарылысынан, майшамдардан алшақ ұстау. Балалардан бензин, керосин, сіріңкелерден бенгал оттарын, петардаларды тез жанатын сұйықтарды тығу керек. Кішкентай заттардан тұншығу Кішкентай балаларға кішкентай сүйектері немесе дәндері бар тағамдарды беруге болмайды. Балаларды тамақтану уақытында үнемі қарап отыру керек. Жөтел, қатты тыныс алу немесе дауыс шығара алмау- тыныс алу және тұншығу проблемаларының себептері. Баланың жағдайы жақсы екендігіне көз жету керек. Егер оның тыныс алуы қиындатылған болса, бала ауызына бөгде заттың салғанын ешкім көрмеген болса да баланың тыныс алу мүшелеріне кішкентай заттардың түсуі мүмкін. Улану Улы заттар, дәрі-дәрмектер, ақтағыштар, қышқылдар, керосин сияқты жанатын заттар. Бұндай заттарды белгіленген контейнерлерде, балалардың қолдары жетпейтін жерлерде ұстау керек. Ақтағыштар, егеуқұйрық пен жәндіктерге арналған улар, керосин, қышқылдар және сілтілі ерітінділер, басқадай улы заттар ауыр улануды, мидың зақымдануын, соқырлықты және өлімді тудыру мүмкін. Улар жұтқанда да онымен тыныс алғанда да, теріге, көзге тигенде жәнете киімге тигенде де қауіпті. Ересектерге арналған дәрмектер балаларды өлімге әкелуі мүмкін. Балаларға дәрмекті тек қана дірігердің тағайындамасы бойынша беру керек және ересектерге немесе үлкен балаларға арналған дәрілерді басқа жастағы балаларға беруге болмайды. Дәрмектерді балалардың қолдары жетпейтін жерде ұстау керек. Антибиотиктерді қате беру және мөлшерінен асыру кішкентай балалардың кереңдіктеріне әкелуі мүмкін. Электр тоғымен жарақаттану Балалар саусақтарын, немесе басқадай заттарды электр құралдарына тығып, қауіпті ауыр жарақат алулары мүмкін, электр тогымен зақымдануды болдырмау үшін оларды жабу керек. Электр сымдарына балардың қолдары жетпеу керек – жалаңаш сымдар олар үшін өте қауіпті.   Ересектердің назаралары үшін маңызды- балаларға қауіпсіз өмір салтын көрсетіп, барлық жағдайларда өзін-өзі дұрыс ұстану керек. Ересектердің жүріс-тұрыстары келешекте балаларына үлгі болатынын есте сақтау керек!