контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ), тұмау мен пневмококктық инфекцияларын алдына алу.

Дата: 2016-09-20 10:15:43
Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) - тұмау, парагрипп, респираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирустық және аденовирустық инфекциялар мен басқа да жоғарғы тыныс алу жолдарының талаурап қабынуы жататын әлемде ең көп таралған аурулар тобы. Тұмау – жыл сайын және айтарлықтай аурушаңдылықпен мерзімді індет тудыратын аса тұрақсыз инфекция. Әдетте ауа-тамшылары арқылы жұғып, бірден дене қызуының көтерілуі, бұлшықет пен бастың ауыруы, қатты сырқаттану, құрғақ жөтелу, тамақтың ауыруы мен ринит секілді белгілермен сипатталады. Тұмау жеңіл және асқынусыз өтеді, дегенмен кей кезде, әсіресе қарт адамдарда, жүкті әйелдерде, нәрестелер мен қосалқы аурулары бар тұлғаларда аурудың ауыр түрінің дамуына әкелуі мүмкін. Мерзімді тұмауға қарсы вакцинация инфекция мен аурудың асқынуының алдын алатын қауіпсіз және аса тиімді тәсіл болып табылады. Тұмауға қарсы вакцина 60 жылдан аса қолданылуда. Мәліметтерге сәйкес дені сау ересектер арасында тұмауға қарсы вакцинация тұмаумен ауырудың 70-90%-ға алдын алуы мүмкін. Қарт адамдар арасында вакцина қатерлі ауыру және аурудың асқынуын 60%-ға және өлім-жітім оқиғасын 80%-ға азайтады. Тұмауға қарсы екпе барлық ЖРВИ-дің жиілігін төмендетсе, сондай-ақ тұмауға қарсы вакцинация демікпе ұстамасын да 1,5 есеге азайтады. Тұмауға қарсы вакцинация – тұмаудың алдын алудың аса тиімді тәсілі болып қала отырып, қауіпсіз шара саналады. Мұндай вакцинация барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Тұмаумен қатар пневмококктық инфекция да қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін маңызды мәселенің бірі. 2005 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтауы бойынша пневмококктық инфекцияның салдарынан өлім-жітім оқиғасының саны 1,6 миллионға жеткен, бұған көбінесе дамушы елдерде өмір сүріп жатқан 5 жасқа дейінгі балалардың 0,7-1 млн. өлім-жітім оқиғасы кіреді. Қоздырғышы пневмококк болып табылатын қауіпті ауруларға пневмония, менингит және дене қызуын көтеретін бактериемия, ал кең таралған аса қауіпті емес инфекцияларға ортаңғы отит, синусит пен бронхит жатады. Нәрестелердің пневмониямен, соның ішінде пневмококктық пневмониямен ауыруына қатысты қауіпті факторлар баланы емізудің жеткіліксіздігі, ауқаттық бұзылу, ғимарат ішіндегі ауаның ластануы болып табылады. 2 жастан кіші балалар арасында аурушаңдылыққа қоса жасы ұлғайған тұлғалар (65 жастан жоғары) және алкогольді ішімдікті шамадан тыс тұтынатындар мен шылымқорлар арасында пневмококктық пневмонияның пайда болу қаупі артқан. Жүрек-қантамыр, өкпе аурулары, қант диабеті, көкбауырдың жоқтығы секілді созылмалы аурулардан зардап шегетін тұлғалар арасында немесе АИТВ инфекциясының күшеюімен иммундық жүйенің түсуінен болатын жағдайда бұл қауіп артады. Пенициллин, макролид, цефалоспорин және ко-тримоксазол секілді әдетте қолданылатын антибиотиктерге төзімділіктің дамуы әлемнің кейжерлерінде қауіпті мәселе болып табылады. Дегенмен пневмококктық инфекцияға қарсы иммундауды кеңінен енгізудің нәтижесінде медициналық дәрі-дәрмекке төзімді штаммдардың айналымының төмендеуі байқалады. Пневмококктық инфекцияның алдын алуға арналған вакциналар 3 жылдан аса қолданылуда. ДДҰ барлық жерде балаларды иммундау бағдарламасына PCV (Pneumococcal Conjugate Vaccine) вакцинасын қосуды ұсынады. Әсіресе балалар өлім-жітімі жоғары елдерде. Қазақстанда 2010 жылдан бастап пневмококктық инфекцияға қарсы балаларға екпе енгізілген. Қазақстанда халықты жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша вакцинация жасау профилактикалық шараларға және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жатады. Бірқатар инфекциялық аурулардың қатерінен қорғалып вакцинацияланған балалар қалыпты физикалық дамуға және өз әлеуетін толықтай іске асыруға мүмкіндік алды. Бұл артықшылық жасөспірімдерді, сондай-ақ ересек тұрғындарды вакцинациялаудың арқасында күшеюде. Соңғы он жылда әлемнің көптеген елдерінде белсенді енгізіліп жатқан жаңа және жетілдірілген вакциналар, соның ішінде конъюгирленген пневмококктық вакцина, ротовирустық инфекцияларға және адамдағы папиллома вирустарына қарсы вакциналар қолжетімді. Спецификалық емес профилактиканы нақты жұмыс істейтін және қорғаныс демпердесін қолдану, қолды жиі жуу немесе залалсыздандыратын ерітіндімен тазалау, ғимаратты жиі желдету, ылғалды тазарту, науқас адаммен байланысты шектеу секілді тұмау, ЖРВИ және пневмококктық инфекцияның жұғуынан қорғауға көмектесетін жалпы ұсыныстарды айтуға болады. Ағзаның маңызды қорғаныс компоненттері үйлестірілген және дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті мөлшерде суды тұтыну, толыққанды демалу, белсенді өмір сүру салты, кез келген, соның ішінде инфекциялық ауруларға ағзаның қарсылығын төмендететін зиянды әдеттерден бас тарту болып табылады.