контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Тәуелсіздіктің 25 жылы бойынша ШЖҚ «Енртіс ОАА» жетістіктері

Дата: 2016-12-08 11:21:00
2009 жылы «Ауылдық мекендерде денсаулық сақтауға телемедицинаның дамуы» жобасы енгізілді, бұл жағдай облыс мамандарынан жоғары білікті көмек алуға және науқастардың шығындарын үнемдеп, облыс орталығындағы әріптестермен кеңес алуға мүмкіндік береді. Телемедицина жүйелері кез келген ара-қашықтықта дәрігермен қатынас (бейнеконференция) ұйымдастыруға, білікті қорытынды жасауға барлық қажетті ақпаратты тапсыруға мүмкіндік береді. Осы жылдар бойы телемедицина құралдары арқылы ауданымыздың 330 қажет ететін науқастары жоғары білікті көмек алды. 2014 жылы «Жол картасы 2020» 100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Панфилов ауылының ДА және Қосағаш ауылының ДА жаңа ғимараттары салынып, медициналық құрал-жабдықтармен толыққанды қамтылды. Мекемеміз медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға үнемі қатысуы науқастарға білікті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 2006-2016 жылдар кезеңі үшін келесі құрал-жабдықтар сатып алынды және қолданысқа енгізілді: 2006 жылы- Кальпоскоп, гастрофиброскоп, ЭКГ, ИВЛ құралы, пульс өлшейтін оксиметр сатып алынды. 2007 жылы- «Купава» жылжымалы стоматологиялық құрылғысы, дефибриллятор мониторы, Флюорограф 12Ф-7 рентген құралы, УДЗ құралы. 2008 жылы- ЭХВЧ 80-01 құралы. 2011 жылы – Заман талабына сай жаңа стационардық рентген аппараты, ВТ-330 феталды монитор сатып алынды. 2013 жылы- гастрофиброскоп, ЭКГ 2014 жылы-ЭКГ аппараты, отоакустикалық эмиссияны тіркеу жүйесі. 2015 жылы - УДЗ аппараты, кардиометр. 2015 жылы аурухана үшінші рет аккредитациядан өтіп, тұрғындарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жоғары деңгейлі барлық жағдайлар жасалғанын, денсаулық сақтау жүйесінің стандартының ұсталғанын, медцина қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сайкес келетінін растайды және ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі негізінде 2015 жылдың 25 қарашасында екінші санаттың берілуімен 3 жылға № К209УЕ000005065 аккредитациядан өткені туралы куәлік алды. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мезгілінде ҚР Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен регламенттелген, денсаулық сақтау мәселелері бойынша біріңғай ұлттық саясатты қалыптастыру үшін және алғашқы жұп деңгейінде алдын алу бағытты күшейту мақсатында жыл сайын өткізілетін, 2011 жылы арудың 11 түрі бойынша Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Аудандық акушер-гинекологтардың және хирургиялық саладағы 50 жылдан астам еңбек өтілі бар, жоғары санатты аудандық хирург-дәрігер Зинаида Николаевна Раздорскаяның тұлғасындағы біріккен жұмыстары арқасында 9 жылдан астам уақыт ана өлімі тіркелген емес. 2016 жылы ауруханаға 7 жас маман-дәрігерлер және 7 орта медициналық қызметкерлер келді. 2016 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында келесі нысандардың күрделі жөндеулері жасалды: 1) «Ертіс ауданының Майқоңыр ауылындағы медициналық пунктінің күрделу жөндеуі», нысан 2016 жылдың 16 қыркүйегінде қабылданды, Республикалық бюджеттен -10797,3 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1199,7 мың теңге қаражат игерілді. 2) «Ертіс ауданының Северный ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің күрделу жөндеуі», нысан 2016 жылдың 16 қыркүйегінде қабылданды, Республикалық бюджеттен -12857,8 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1428,6 мың теңге қаражат игерілді. Төбе жабындысының ішкі жөндеуі, еден, ғимараттың алдыңғы беті, желдеткіш, гараждың, отын жағу жүйесінің, әйнек, есігінің жөндеу жұмыстары, ауланы абаттандыру, өрт сөндіру дабылын орнату жұмыстары жасалды. ШЖҚ «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» КМК ғимараты төбесінің оралмалы жабындысының күрделі жөндеуі жалпы жұмыс көлемінің 100 пайызы орындалды. Жөндеу 2016 жылғы 31 тамызында аяқталды. 57277,61 мың теңге сомасында ақшалай қаражат игерілді. 117845,95 мың теңге сомасына Иса Байзақов ауылының дәрігерлік ғимаратының құрылысы. Бұрын-соңды Ертіс ауданының келесі медициналық ұйымдарының ғимараттарының құрылысы жүзеге асырылды. 1991 жылы - Ертіс ОАА 2011 жылы - Қосағаш ауылының МП 2014 жылы – Панфилов ауылының МП 2016 жылы - И. Байзақов ауылының ДА Ертіс ауданының медицина ұйымдарының күрделі жөндеуі 2004 жылы- ОАА әкімшілік ғимараты 2008 жылы- И. Байзақов ауылының МҰ – 1000,0 м. теңге 2009 жылы - Ленин ауылының ДА күрделі жөндеуі- 2000,0 м.теңге 2009 жылы- Қарақұдық ауылының МҰ – 2000,0 мың теңге 2009 жылы - Ұзынсу ауылының МҰ – 1754,0 мың теңге 2009 жылы - Луговой ауылының МҰ-1740,0 мың теңге 2009 жылы - Голубовка ауылының МҰ – 10000,00 мың теңге 2010 жылы- Ертіс ОАА әкімшілік ғимараты – 22575,0 мың теңге 2013 жылы- Қызылқақ МП – 2101,0 2013 жылы- ОАА перзентхана бөлімшесі 2014 жылы - ОАА терапия бөлімшесі-18421,77 мың теңге 2014 жылы - ОАА отын жағу қазандағының орны- 11135,45 мың теңге 2016 жылы - Майқоңыр ауылының МП -11997 мың теңге 2016 жылы - Северный ауылының ФАП – 14286,4 мың теңге 2016 жылы - ОАА ғимаратының оранды жабындысының күрделі жөндеуі -57277,61 мың теңге Барлығы- 156288,23 мың теңге сомасына күрделі жөндеу