контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен үзінді
09-02-2024 10:48
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен үзінді

"Әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің басты міндеті – барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасау және шын мұқтаж адамдарды қолдау.

Бүгінде мемлекеттік бюджеттің жартысынан астамы әлеуметтік салаға бөлінген.Соңғы жылдары әлеуметтік сала мамандықтарының, ең алдымен мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің инфрақұрылымын кеңейту және беделін арттыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Енді біз азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруымыз керек.

Бұл ең алдымен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру біздің елде бес жыл бойы қолданылып келеді. Осы уақыт ішінде сала бюджеті екі есеге өсті, 2024 жылы денсаулық сақтау саласына 2,6 триллион теңге бөлінеді. Дегенмен, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінде әлі де айтарлықтай жақсарған жоқ.

Оның үстіне ресурстарды тиімсіз пайдалану бар, бұл саланың қаржылық ауыртпалығын туғызады.

Үкімет медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қатаң бақылауға алуы қажет. Бұл құрал қарапайым және түсінікті болуы керек.

Мемлекет кепілдік берген базалық бөліктен және жұмыс берушілер мен азаматтардың өздерінің жарналары есебінен қалыптастырылатын сақтандыру бөлігінен тұратын медициналық көмектің бірыңғай пакетін құру қажет.

Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру керек. Халықтың осал топтарының жекелеген санаттары үшін медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар жергілікті бюджеттен жүргізілуі тиіс.

Медициналық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор.

Дегенмен, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында жоспарланған 655 нысанның 85-і ғана пайдалануға берілді."